Олар кімдер? Сізді айналаңызда бар ма?
Алдап-арбау, жалған сөйлеу, опасыздық жасау секілді әрекеттердің қастандық екенін, жасауға болмайтынын бәрі біледі. Дегенмен, кейде ерікті түрде, кейде еріксіз, осындай әрекеттерге жол беретіндер қашан да табылатыны өкінішті. Біреуге алданып қалмау үшін үнемі әр қадамды аңдап басу керек және кімге сенуге сенуге болмайтынын біле жүру қажет.
Астрологтар қай белгі иелері өз мақсатына жету үшін опасыздық жасауға қабілетті екенін айтып берді.
Егіздер
Бойында зияткерлік қабілеті басым белгі иелерін епті, әбжіл, ширақ Меркурий басқарады. Мінезі күрделі, екіжүзділікке жол беретін, ой-пікірі қарама-қайшылықтарға толы, соқыр тәуекелге жиі бас тігетін, шытырман оқиғаларға және күмәнді бастамаларға бейім жан. Барлық жағдайға үстірт және жеңіл қарайды, адамдармен терең және эмоционалды байланыс орнатпайды. Олар үшін өзгеріс, жақсы өмір, жарқын және әртүрлі эмоциялар маңызды. Қарым-қатынасты тоқтатып, серіктесін орта жолда оп-оңай қалдырып кете алады. Өте жақын жанмен арасын үзу немесе жай ғана достық қарым-қатынаста жалғастыру түк емес. Егер өз-өздеріне тыйым салуды үйренбесе, жылпос, сумақай жанға айналуы да лезде.
Балықтар
Балықтар белгі иелері арасында ең сезімтал, елгезек, қайырымдысы. Олар жағдайға тез бейімделе алады, тіпті мың құбылады деуге де болар. Әртүрлі жағдайға байланысты «тонын теріс айналдырып кие салу» түк қиын емес. Балықтардың билеушісі Нептун оларға екіжақты мінез берген, оны екіжүзділік деп жіктейтіндер табылады. Олардың әсершілдігінің бір салдары – өзін ренжіткен адамды ұмытпайды. Арада қанша уақыт өтсе де, оңтайы келсе, кек қайтарудан бас тартпайды. Романтикаға берілгіштігі мен шығармашылық адамы болуы сезімінің сенімсіз, махаббатының тұрақсыздығына себеп. Осы жағдайлардың бәрінде Балықтар өзін біреуге сатқындық жасап жатырмын деп ойламайды. Ол жай ғана өз болмысына сай өмірін сүреді.
Суқұйғыш
Белгі иелерінің билеушісі – Уран. Олар өздері қалаған нәрсені алу үшін, өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін сақтап қалу үшін бәрін жасауға дайын. Бұл жолда өзге адамдардың сенімі мен сезімін ескере бермейді. Өзіне қызық емес адамды қандай байланыста болса да, мүлде елемей қоя салады. Ендігі жерде пайдасы тимейді-ау деген жанмен еш қиналмай қоштасады. Өзінің бойында ашу-ыза тудырған, ақысын жеген, еркіндігін шектегісі келген адамнан есесін қайтару үшін сатқындыққа бара алады.
Әрине, аталған белгі аясында туған адамдардың бәрі де осындай деген сөз емес. Өзімен жұмыс жасамаған жандар ғана бойындағы жаман әдеттердің жетегінде кетуі мүмкін. Ал жаман әдттерімен күресіп, жақсылыққа ұмтылған Егіздер, Суқұйғыш, Балықтарда адамдардың сеніміне ие болуға барлық мүмкіндік бар.
Аударған: А. Бектұрғанова,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: