​Ерлі-зайыптыларға арналған: туған күндеріңіздің сандары тура келе ме?

0
7 012

Нумерология бойынша, отбасы бақыты үшін туған күн сандарының сәйкестігі маңызды.


​Ерлі-зайыптыларға арналған: туған күндеріңіздің сандары тура келе ме?

Махаббат, сезім, ішкі түйсік, есеп – жанұя құрар алдында мұның бәрі маңызды. Алайда, олар жылдарға созылатын отбасылық өмірге азық бола алмайды. Уақыт өте келе сезім сөне салады, түйсік алдауы мүмкін, есеп қате болуы ықтимал... Сондықтан, отбасын құрар алдында өмірлік жарым деп таңдаған жанмен туған күндеріңіздің сандарын есептеп, нумерологиялық сәйкестікті де ескеруді ұмытпаңыз.

Ол үшін алдымен екеуңіздің туған күніңіздің датасындағы сандарды жеке-жеке қосып аласыз. Мысалы, ер-азаматтыкі:

08.05.1989 = 8+5+1+9+8+9 = 40 = 4;

Әйелдің туған күні:

18.03.1993 = 1+8+3+1+9+9+3 = 34 = 3+4 = 7;

Енді екеуінен шыққан санды бір-біріне қосу керек:

4+7 = 11 = 1+1 = 2

Нәтижедегі ортақ сәйкестік саны – 2.


1 саны

Екеуіңізге ортақ бір нәрсе – жетістікке жету. Көбінесе материалдық тұрғыда. Қай жерден қалай ақша жасауға болатынын жақсы білеіздер. Бойларыңызда нағыз кәсіпкерге тән қабілеттердің бәрі бар. Бір жаманы, араларыңызда үлкен махаббат, терең сыйластық болмаса, «кім көп табады» немесе «кім көп жетістікке жетеді» деген сұрақтардың жетегінде бәсекелестерге айналып кетулеріңіз ғажап емес.


2 саны

Сіздердің одақты ұстап тұратын нәрсе – ауызбіршілік, құрмет пен мейірім. Барлық нәрсені біріге отырып ақылдасып шешсеңіздер, көп қамалды қиналмай аласыздар. Бір-біріңізге ақра сүйеп, керек кезде тірек бола біліңіздер. Қолдаңыздар, қамқорлық танытыңыздар. Сонда отбасылық бақыттарыңызға еш жау да, дау да кедергі бола алмайды.


3 саны

Бір көргеннен ғашық болдыңыздар. Құдды бір магнитше тартқан құдырет. Мұндайды тағдыр дейді. Шынында, сіздердің бірге өткізген өмірлеріңіз ерекше тылсымдарға, түсініксіз жайттарға толы болады. Алайда, олардың еш зияны жоқ, тек бақыттарыңызды қорғайды. Өздеріңіз отбасыңызға шын беріліп, адалдық сақтасаңыздар болғаны.


4 саны

Сіздердің одақта әркім өзіне не керегін жақсы біледі. Бір-біріңізге кедергі жасамаңыз. Ешкім ешкімді тұншықтыруға, бостандығын шектеуге тырыспасын. Өмірлік серігіңіздің қалауын ескеріп, таңдауын құрметтеп, өзі қалаған ісімен айналысуына, ұнатқан адамдарымен араласуына мүмкіндік сыйлаңыз. Түсіністік пен қамқорлық отбасылық бақытты қорғаудағы басты қаруларыңыз болсын.

5 саны

Екеуіңіз де еркіндікті сүйетін жансыздар. Алайда, шектен шықпау керек. Отбасы үшін өз уақытыңның бір бөлігін арнауға, бостандығыңның бір бөлшегін құрбан етуге тура келетінін мойындаңыз. Олай етпесеңіз, қарым-қатынаста қиындықтар жиі туындайды. Алға жылжымай бір орында тұрып қалу, тіпті кері кету, ажырасу осының салдарынан болады.


6 саны

Тым қызғаншақсыздар. Бір-біріңізді кінәлаудың, кімнің айыбы көбірек екенін анықтаудың керегі жоқ. Қызғаныш, қателік екі тараптан да болады. Сондықтан үйіңізде ыдыс-аяқ жиі сылдырлап, ұрыс-керіс көп орын алуы мүмкін. Алдын алу үшін бір-біріңізге сенім артуды үйреніңіздер. Келісімге келіп, ортақ ережелер орнатыңыздар. Әркім сол ережені ұстанып, сенімді бірінші орынға қойғанда ғана отбасылық бақытқа қол жеткізесіздер.


7 саны

Араларыңызда қызғаныш пен түсінбеушілік көп орын алмайды. Бірақ, отбасындағы басты мәселелеріңіз – қаржы тапшылығы болуы мүмкін. Сондықтан не қаражатты көп табуыңыз керек не материалдық байлықты екінші орынға қоюға келісіп алуға тиіссіздер. Сонда ғана ұрыс-керіс, жанжалдың алдын аласыздар.


8 саны

Екеуіңіз екі әлемнің адамысыздар. Көзқарас, түсінік, талғам, қызығушылықтарыңыз бір нүктеде мүлде тоғыспайды. Сөйте тұра, бірге болсаңыздар, бақытқа мұның ешқайсысы да кедергі бола алмайды. Біріңіз көшбасшылық тізгінін қолға алып, алға шығыңыз. Екіншіңіз бір қадам артқа жылжып, соңынан еруші, құлақ асушы, айтқанын орындаушы қызметін атқарыңыз. Сонда тіпті өздеріңіз де күтпеген үйлесім, тепе-теңдік, тыныштық орнайды.


9 саны

Өкінішке орай, екеуіңіз де отбасы, қарым-қатынас деген құндылықтарды аса қадір тұтпайсыздар. Соның салдарынан жанұя үшін ештеңе жасамау, ешқандай құрбандыққа бармау, уақыт арнамау, көңіл бөлмеу сияқты салғырт қылықтарға жол бересіздер. Екеуіңізге де екі бөлек әлемде өмір сүрген ұнаса, бірге боласыздар. Бір-біріңізден бірдеңе талап ете бастасаңыздар болғаны, отбасы атты шыны ыдыстарыңыз да шытынай бастайды.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Күйеуіңіз махаббатын көрсетпей ме? Өзіңіз байқамай жүрген шығарсыз...