Қай МІНЕЗіңізден көбірек ЗИЯН шегетініңізді білесіз бе?

0
1 629


Қай МІНЕЗіңізден көбірек ЗИЯН шегетініңізді білесіз бе?

ТОҚТЫ

Қызуқандылық пен асығыс шешім қабылдау көбіне қателіктерге ұрындырады. Өзіңізді ұстай алмай, басқара алмай қалатын кездеріңіз де біршама.


ТОРПАҚ

Ақшаны есепсіз жұмсау, керексіз ұсақ-түйекке шығындалумен өз қалтаңызға өзіңіз соққы жасайсыз. Зиянды тамақтарды жиі жеу арқылы денсаулығыңызды, жалқаулықтың кесірінен өміріңіздің сапасын нашарлатасыз.


ЕГІЗДЕР

Бір нәрседе зейініңізді ұстап тұра алмайсыз, осының кесірінен мақсатыңызға жетуіңіз қиын. Тез зерігіп, жылдам жалығасыз, өмірдің не алға қойған мақсатыңыздың мәнін жоғалтып ала бересіз.


ШАЯН

Эмоцияңызды ұстай алмай, оңды-солды шаша бересіз. Нәтижесінде жақындарыңызды ренжітесіз немесе өзіңіз жаман кейіпте көрініп қаласыз. Арыз-шағым көп айтып, құрбан рөліне жиі кіресіз.


АРЫСТАН

Мақтаншақтық – ешкімге зияны жоқ болса да, сізді жақсы жағыңыздан көрсетпейтін қасиет. Керісінше, сыйыңыздан айырады. Шыдамсыздық пен қырсықтық та жақсы нәрселер алып келмейтіні анық.


БИКЕШ

Перфекционист болу негізі керек қасиет. Алайда сіздікіндей шектен шыққан түрімен өзіңіздің ғана емес, өзгелердің де өмірін қиындатасыз. Сынап-міней беру көбіне өшіреді, өсіретін кезі аз.

ТАРАЗЫ

Шешім қабылдай алмау, қабылдаған күнде де мың құбылу, ешкімнің бетін қайтара алмау – осы қасиеттеріңіз өміріңізге біраз жайсыздықтар мен жағымсыз салдар алып келеді.


САРЫШАЯН

Билікқұмарлық, басқаларды бақылауда ұстап, басқаруға деген құлшыныс билеуші әулет мүшелерінде ғана емес, әрбір Сарышаянда да болады. Қызғаныш пен тұйықтықты да асыра сілтеп жіберетіні бар.


МЕРГЕН

Асығыс қорытынды шығару – ең көп қате жіберетін тұсыңыз. Адамдардың көңіліне қатты қарау, айтқан әрбір сөзімді іске асырам деп тыраштану да өміріңізді қиындататын факторлар.


ТАУЕШКІ

Өзіңізді қара жұмысқа аямай салып, қажытып жібересіз. Мұның зиянын өзіңізден басқа ешкім шекпейді. Пессимизм, эмоцияңызды жұртқа білдірмеу үшін ішке жұта беру де денсаулығыңызға үлкен соққы.


СУҚҰЙҒЫШ

Еш пайдасы жоқ әңгімеге, керексіз тақырыптарға, бос сөзге көп уақыт жұмсайсыз. Адамдардан көмек сұрай алмайтыныңыз жүгіңіз бен жауапкершілігіңізді жеңілдетуге кедергі. Шешім қабылдаудан қорқақтау, жоспарды, шаруаны кейінге ысыра беру де біршама қиындықтар туғызады.


БАЛЫҚТАР

Арман-қиялға шектен тыс беріліп кетіп, шынайы өмірден қол үзіп қала бересіз. Уәде беріп, оны орындамай кететініңізден қарым-қатынастар нашарласа, ұмытшақтық салдарынан өміріңізде жағымсыз жағдайлар көп болады.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Дәл қазір ОСЫНЫ өзгертсеңіз, ӨМІРіңіз де өзгереді