​ӨЗІ ҮШІН ғана ӨМІР сүретіндер: 5 БЕЛГІ

0
726

Олар өмірді өзі үшін сүру керегін, бірінші кезекте өзіне қамқор әрі жанашыр болуды ешқашан есінен шығармайды.


​ӨЗІ ҮШІН ғана ӨМІР сүретіндер: 5 БЕЛГІ

Сурет: png.pngtree.com

Көбіне біз отау құрып, ата-ана болғасын баланы өміріміздің мәніне айналдырып аламыз. «Балаларым – өмірімнің мәні», «Осылар үшін өмір сүремін», «Сендер ішсін-жесін, кисін деп, өзімді ойламайтын болдым» деген сөздерді талай естіп, аз айтпаған шығарсыз. Иә, басым бөлігіміз сондаймыз. Бірақ, кей белгі иелері өмірінің мәні, әлемінің кіндігі етіп басқа адамды белгілемейді екен. Олар өмірді өзі үшін сүру керегін, бірінші кезекте өзіне қамқор әрі жанашыр болуды ешқашан есінен шығармайды.


Торпақ

Олар өзгелердің өміріне араласпайды. Үстемдік жасауға ұмтылмайды. Тіпті туған балаларын да өз дегенімен жүргізуге тырыспайды. Есесіне, өз өміріне де басқаның билік орнатуына жол бермейді. Ешкімге бағынышты емес, ештеңеге жіпсіз байланбайды. Өмірді өз қалауынша еркін сүруді таңдайды.


Егіздер

Іштей аздаған өзімшілдігі бар. Бұл көп болып кетсе, жаман. Ал қажетті мөлшерде болса, өзі үшін жақсы. Соның арқасында өзін басқалардың көлеңкесіне айналудан, жұтылып, жоқ болып кетуден сақтайды.


Сарышаян

Олар өз қалауын орындауда, мүдделерін қорғауда ешкімнен қысылып-қымтырылмайды. Өз өмірінде басты кейіпкер – өзі екенін ашық түрде көрсетеді. Керек болса, бұл үшін кіммен болсын күресуге бар.


Арыстан

Бұл белгі иелері тумысынан өзін-өзі бағалай біледі. Кейде тіпті, асыра бағалайды. Жеке басын өз әлемінің ғана емес, бүкіл ғаламның кіндігі, назар аударарлық нысаны деп сезінеді. Сезініп қөана қоймай, ослай екенін бәрінің мойындауын талап етеді.


Тоқты

Белгі иелері шын мәнінде қатыгез, сезімсіз, суық емес. Тек оның жақындарына уақыт пен махаббат бөлуіне кедергі жасайтын аздаған өзімшілдігі бар. Мұнысын «өзіңді жақсы көру», «өзіңе деген махаббат» деп атайтын белгі иелерінің бар уақыты, энергиясы, ақшасы тек өзіне жұмсалады. Өзінен артылмағасын, басқаларға не берсін?

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗдардың ЖАҒЫМСЫЗ қасиеттері