Келіп тұрған ақшадан айрылып қалмау үшін олар не істеуі керек?
Табысты болуды кім қаламайды дейсіз? Бәрі қалайды. Әсіресе қазіргідей қымбатшылық қыспаққа алған уақытта артық тапқан бес теңге де қуаныш.
Алайда табыс, береке бәріне бұйыра бермейді. Бүгін айыңыз оңынан туып, қалтаңыз қомпайып қалса, ертең-ақ тапқаныңыз түгесіліп, қалта түбі қағылып қалуы бек мүмкін.
Астрологтар тамыз айында бес белгі иесінің ақшадан жолы болатынын болжауда. Олар: Егіздер, Шаян, Бикеш, Мерген, Балықтар.
Бұл оларды көлденең келген табысқа кенеліп қалады деген сөз емес. Қалай әрекет ету керегін білмесе, дұрыс жұмыс жасамаса, келіп тұрған ақшадан айрылып қалулары әбден мүмкін.
ЕГІЗДЕР
Белгі иелері көзқарас көкжиегін кеңейтіп, өзі өскен, өмір сүріп жатқан ортасын ғана емес, әлемді тануға ұмтылуы керек. Саяхаттау, танымдық материалдар меңгеру, іздену, білім алу арқылы. Көкжиектің кеңеюі өмірлерін де жақсартады. Сондай-ақ, астрологтар жақындарымен өте жақсы қарым-қатынаста болуға кеңес береді. Себебі Егіздердің осы айдағы жетістігінің кілті – жақындарының ризалығында. Жайлы да сәтті кезең 11 тамыздан басталады. Көлемді сатып алулар, бизнеске қаржы құю, маңызды құжаттар дайындау сынды шаруаларды осы күннен кейін бастаған жөн.
ШАЯН
Жаздың соңғы айында шаяндардың өміріндегі жайсыздықтар мен келеңсіздіктер, кедергілер түбірімен жойылады. Осы уақытты пайдаланып, мақсатына қарай қадам жасай беруге тиіс. Сонда көптеген қуанышты жағдайлар, тиімді келісімшарттар орын алып, табысты жобалар жүзеге асады. Жеке өмір, махаббатта да жолы оңғарылғалы тұр.
БИКЕШ
Белгі иелері үшін тамыз – тәуекел айы. Көптен ойда жүрген шаруаны, үлкен жоспарларды, жаңа бастамаларды еш қорықпай қолға алу керек. Өйткені, осы айда бастаған істің бәрі аяғына дейін жетеді әрі жақсы нәтижемен қуантады. Сәттілік пен жетістік өмірдің барлық саласында серігіңізге айналады. Махаббатта да, кәсіпте де, қызметте де. Тек өзіңіз енжарлықтан арылып, әрекетке кірісіп, белсенді болсаңыз жеткілікті. Үйде, жұмыс орнында аздаған өзгерістер орнатып, танымдық саяхатқа шығу да табыстың артуына оң ықпалын тигізеді.
МЕРГЕН
Тамызда Мергендердің құндылықтарды қайта қарап шыққаны дұрыс. Қорқынышқа, уайымға жол бермей, жағымсыз эмоциялармен, жайсыз күймен күресу керек. Негативтің бәрін позитивке айналдырса, батылдық пен шыдамдылықпен қаруланса, осы айда біраз қамалды алады. Жалғыз өзі-ақ.
БАЛЫҚТАР
Балықтар үшін де тамыздың 11-жұлдызынан ақ жолақ басталады. Жұмыста да, жеке өмірде де - барлық жағынан жолы болғыш жанға айналады. Осы уақыттары өзін ештеңеден шектемей, барынша үлкен нәрселерді армандағаны дұрыс. Тамызда аспан денелері Балықтардың барлық арманын орындауға жәрдемдеседі. Әрине, сөзден іске көшіп, өзі де әрекет етуге тиіс. Сонда тіпті өзі армандағаннан да артық нәрселерге ие болады.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: