​ТҮСІҢІЗДЕ көрген сан ӨҢІҢІЗДЕ нені білдіреді?

0
16 004

Адамның түсінде көрген саны өңіндегі қандай да бір жағдайға қатысты ақпаратты білдіреді.


​ТҮСІҢІЗДЕ көрген сан ӨҢІҢІЗДЕ нені білдіреді?

Сандар бізге шынайы өмірде ғана емес, тылсым әлем – түсімізде де ұшырасады. Яғни, кейде түсімізде бір сандарды көреміз және ол ұмытылмай, есте сақталып қалады. Нумерологтар бұл құбылыс тектен-тек орын алмайды дейді. Айтуларынша, адамның түсінде көрген саны өңіндегі қандай да бір жағдайға қатысты ақпаратты білдіреді екен.

Қай санның артында қандай ақпарат жасырынып жататынын бір сөзбен жеткізу қиын. Оны болжау үшін түстің сюжеті, ондағы кейіпкерлер, оянғаннан кейінгі эмоция, сезімдер де ескерілуге тиіс. Сандар көбіне өмірде орын алатын айтулы оқиғаның орын алатын не аяқталатын датасын білдіреді. Кейде өткенде орын алған, болашағыңызға әсер ететін қандай да бір жағдай болған күнді көрсетеді.

  • Егер түсіңізде көрген сан қағаз не зат бетіне жазылса, фондағы түсін есіңізге түсіріп көріңіз. Ол күңгірт, қара қошқыл болса, жағымсыз жайлардан, ашық, жарқын болса, қуанышты жайттан хабар береді.
  • Біркелкі түзу, әдемі болып жазылған сандар – сәттілік, бақыт, жағымды нәрсенің белгісі. Ал, сандардың көлемі әртүрлі, қисық болып келсе, қазіргі уақытта шешімін таппаған мәселені меңзейді.
  • Түсіңізде 1 не 5 сандарының бірін көрсеңіз, жақын арада өміріңізде үлкен өзгеріс орын алуы мүмкін. Ал 4 саны керісінше, тұрақтылықты тұспалдайды әрі ойланбай шешім қабылдаудан сақтандырады. 3 саны қуанышты жағдай, той-думан дегенге мегзейді.
  • Егер түсіңізде адамдар санын түгелдеп жатсаңыз, олардың киімі, сырт көріністерін еске түсіруге тиіссіз. Қалай болса солай, олпы-солпы киінсе, алда өзіңізге ұнамайтын, жағымсыз әуреге толы шаруа күтіп тұр деген сөз. Қандай да бір зат не адамдардың санына жете алмай жатсаңыз, өңіңізде жалықтыратын бір іспен айналысуға мәжбүр болуыңыз мүмкін.

Нумерологтар түсіңізде көрген әр санның өңіңіздегі нақты мағынасын былай тарқатады:

0 – Бос әурешілік, ақшаны желге ұшыру, бірдеңеден не біреуден көңілі қалу, түңілу.

1 – Интеллект пен білім белгісі, «ешқандай кедергіге қарамастан мақсатыңа қарай қадам бас, өзгерістен қорықпа» дегенді ұқтырғысы келеді.

2 – Әйел энергиясының символы. «Егер өмірлік серігіңізді кездестірмеген болсаңыз, іздеңіз. Тұрмыста болсаңыз, өзіңізге қарап, әйелдік қасиеттеріңізді дамытыңыз» деген белгі.

3 – Еркектік энергия нышаны. Жақын арада сәтті келіссөз не қиын бір жағдайға қатысты жеңіс күтіп тұр деп біліңіз.

4 – Асығудың, көзсіз тәуекелге барудың қажеті жоқ. Жоспарларыңызды бүге-шігесіне дейін жақсылап ойластырыңыз, ол сізге шын керек пе, жоқ па – соны анықтаңыз.

5 – Көп ұзамай өзгеріс орын алады. Ол үйлену, көшу не жұмыс ауыстыру болуы да мүмкін.

6 – Өзіңізге көңіл бөлетін уақыт келді. Стрессіз, уафым-қайғысыз, жайлы өмірдің қамын жасаңыз.

7 – Сізге материалдық дүниелерден алыстап, рухани әлеміңізді байытудың амалын жасау керек.

8 – Сізді бүкіл өміріңізге азық болатын үлкен табыс пен жетістік күтіп тұр.

9 – Әйелдің түсіне кірсе, жүктіліктің нышаны. Ер адам түсінде көрсе, өмір салтын қайта қарап, реттеуге, жөндеу жұмыстарын бастауға берілетін белгі.

10 – Мансап баспалдағында жоғарылау, табыс күтіп тұр.

12 – Бастаған істеріңізді аяқтауға аздап күш салыңыз, көп ұзамай түгел шешімін табады.

13 – Маңызды әрі пайдалы кісімен таныстық күтіп тұр, мүмкндікті жіберіп алмаңыз.

19 – Жақында бар қиындық бітеді, сізді қуанышты әрі өте жағымды жағдайлар күтуде.

21 – Жуық арада тиімді әрі табысқа жеткізетін ұсыныс аласыз, содан соң материалдық мәселелер де біртіндеп шешіле бастайды.

Міне, нумерология мамандары түсіңізде көретін сандарға қатысты осындай болжам жасапты.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Өміріңіз КИНО болса, қандай РӨЛДІ сомдар едіңіз?