ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Бақшада мол өнім алу үшін не егу керек?

0
2 050

Біреулер қара жерге бір дән тастай салса болғаны, онысы қаулап өсіп, өніміне қарық болады. Енді біреулер қанша баптап ексе де, еңбегі еш кетіп жатады.


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Бақшада мол өнім алу үшін не егу керек?

Мұның себебі неде деп ойлайсыз? Асылында, әр адамның өз жұлдызына сәйкес келетін егу амалы болады екен. Соны дәл тауып бейнеттенсе, зейнетін көретіні анық.

Төменде берілген астрологтардың ақпараты дәл қазіргі егістік науқанында қажетке жарайтынына сенімдіміз.


«ШҰРАЙЛЫ» белгілер


ТОРПАҚ

Сулы-нулы, құнарлы белгілердің көшін бастайды. Оның қолымен отырғызылған көкөніс болсын, гүлдер болсын, жайқалып, жемісін мол береді. Тек, тұқым күйінде сеппей, көшет кезінде отырғызуға тиіс.


ШАЯН

Бұл да құнарлы, шұрайлы белгілердің бірі. Қара жерге Шаяндар қадаған көшеттің бірі де өлмей, түгел бас көтеріп тұра қалады.


САРЫШАЯН

Өте шұрайлы белгі. Олардың қолынан тұқым себу де, көшет отырғызу да келеді. Жыл соңында еңбегі еш кетпей, мол өнім алушылар қатарынан табылады. Әсіресе, тікенекті және қылқанды өсіміктерден алынатын өнімдерде жолы болғыш. Алған өнімінің жақсы сақталуынан да қорықпаса болады.


ТАРАЗЫ

Бұл белгі аясында туғандарды диқан деп атауға келмес. Алайда, аз ғана жер теліміне өз отбасына жетерліктей етіп егін салуға шамасы жетеді. Қандай өнім болмасын, басқалар өсірген көшетке жүгінбей, өз қолымен тұқымдай сепкені дұрыс.


ТАУЕШКІ

Құрғақ бола тұра құнарлы белгі. Тұқым себу ісіне ептілігі жоғары, мол өнім алуға, оны ұзақ уақыт сақтауға да мүмкіндігі жетеді. Әсіресе, дәнді дақылдардан жолы болғыш.


БАЛЫҚТАР

Белгі иелерінің диқандығына жаман баға бере алмаймыз. Тұқымдай сепсе де, көшеттей отырғызса да, нәтижесінде бейнеттің зейнетін көреді. Бірақ, сол алынған өнімнің ұзақ сақтауға жарамсыз болатыны бар. Сондықтан, Балықтарға жемісін жеп, өзінен артылғанын өзгемен бөлісуге немесе сатып жіберуге кеңес береміз.


«ҚҰНАРСЫЗ» белгілер


ТОҚТЫ

Белгі иелеріне ешқандай өсімдіктектесті көшет күйінде отырғызып әуре болмағаны абзал. Тұқымдай сепсе, азды-көпті өнімін алуы мүмкін.


ЕГІЗДЕР

Құрғақ, тұқымсыз белгі. Есік алдына бау-бақша өсіргісі келсе, гүл, дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар арасынан таңдап, бағын сынап көруге болады.


АРЫСТАН

Құнарсыз белгілердің бірі. Сонда да, кішігірім жерде жасыл желек өсіргісі келсе, ең алдымен топырақты жақсылап өңдеп, құнарландырып, содан кейін барып байқап көруге кеңес береміз.


БИКЕШ

Белгі иелері бақша дақылдары, жеміс-көкөністен мол өнім алмаса да, гүл өсіруден алдына жан салмайды. Астрологтардан аз ғана кеңес: гүлзарында біржылдық гүлдерге басымдық бергені дұрыс.


МЕРГЕН

Ештеңе отырғызбаңыз, топырақпен жұмыс істеуге талпынбаңыз да. Тек өзгелер еккен, отырғызған жасыл желекті суарып тұрсаңыз, сол жетеді.


СУҚҰЙҒЫШ

Барлық белгі иелері арасында егістікке ең епсіз келетіні – Суқұйғыштар. Олардың бақша жұмысымен айналысуға жұмсаған уақытын да, еңбегін де текке кеткен ресурс деуге болады. Сондықтан, егу-отырғызу жұмыстарын бастамас бұрын жақсылап ойланып алғаны дұрыс.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жұлдызнама бойынша: карантин кезінде немен айналысқан дұрыс?


МЕДИЦИНАЛЫҚ немесе ҚОЛДАН ТІГІЛГЕН маска: Қайсысы ВИРУСТАН қорғайды?