1 ақпаннан бастап Өзбекстаннан Ауғанстанға теміржол тасымалы тоқтатылды

0
626

Ауғанстанның теміржол басқармасы келісілген шараларды мерзімінде жүзеге асыруға үлгермеген.


1 ақпаннан бастап Өзбекстаннан Ауғанстанға теміржол тасымалы тоқтатылды

ERNUR.KZ. 1 ақпаннан бастап Өзбекстаннан Ауғанстанға теміржол тасымалы тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ауғанстанның теміржол басқармасы келісілген шараларды мерзімінде жүзеге асыруға үлгермеді, осыған байланысты өзбек билігі тиісті шешім қабылдады.

"Ауғанстан темір жолдары басқармасының келісілген шараларды мерзімінде іске асыруға үлгермеуіне байланысты Ауғанстанға темір жол тасымалы 1 ақпаннан бастап тоқтатылатыны жарияланады", - делінген Өзбекстан ұлттық тасымалдаушысының сайтында.

Кәсіпкерлерді қолдау, Ауғанстанға жүк тасымалдарының үздіксіздігін қамтамасыз ету және осы елге тасымалданатын аса қажет жүктердің тоқырауын болдырмау мақсатында жүктерді Термездің логистикалық орталықтарынан және Термез өзен порты арқылы автомобиль көлігімен тасымалдауда көмек көрсетілетін болады.