​Адамдарды технология басқарады

0
1 465

Құрылғыдағы жүйе қарапайым кеңсе компьютері 30 жылда орындайтын тапсырманы небәрі 1 сағаттың ішінде атқара алады.


​Адамдарды технология басқарады

ERNUR.KZ.АҚШ-та әлемдегі ең мықты компьютер таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған дейін, әлемнің ең қуатты компьютері Қытайдың «Sunway Taihu Light» компаниясына тиесілі еді. Мұхиттың арғы жағындағы құрлықтың өкілдері, дәлірек айтсақ, АҚШ-тың энергетика департаменті жаңа компьютер шығарғанын мәлімдеп, бұл әлемнің ең қуатты компьютері екенін хабарлады. Қытайлық өнімнің алдына түскен «Summit» суперкомпьютері «Sunway TaihuLight» компьютерінен екі есе мықты.

Құрылғыдағы жүйе қарапайым кеңсе компьютері 30 жылда орындайтын тапсырманы небәрі 1 сағаттың ішінде атқара алады.

«Summit» суперкомьпютері жалпы ауданы екі бірдей теннис алаңындай жерді алатын 4608 серверлік станциядан тұрады. Жүйе барлығы 3022 ядерлі IBM Power9 процессорымен жұмыс істейді.

Қытайдың «Sunway TaihuLight» құрылғысы осы уақытқа дейін 5 жыл қатарынан әлемдегі ең мықты компьютер атағына ие болған. Алайда, бұл рекордтық көрсеткішті бұзу үшін арнайы жасалған америкалық құрылғы ішкі жүйесіндегі жасанды интеллекті арқылы ерекшеленеді.

Дәлірек айтсақ, әлемнің бірінші нөмірлі компьютері медицина, физика және тағы да басқа саладағы күрделі ғылыми тапсырмаларды орындай алады. Тіпті, ауа райын болжайтын бағдарлама да жүйеге енген. «Summit» суперкомпьютерін сынақтан өткізу жұмыстары ұйымдастырылып, барлық әрекет сәтті аяқталған. Сынақты жүргізу барысында эксафлопсон класындағы тапсырмалар шешімін тапты.

«Егер бұл компьютер жаппай қолданысқа енер болса, медицина саласында шешімін таппай жүрген өзекті мәселелерге нүкте қойылатын еді. «Summit» осыған дейін «мүмкін емес» деп келген дүниені мүмкінге айналдырады» дейді Ок-Ридж Ұлттық зертханасындағы есептік биология саласының маманы Дэн Джейкобсон.

Бүгінгі технология көз ілеспес жылдамдықпен қарыштап дамып келе жатыр. Күн өткен сайын сапа да, сан да артуда. Бұл жақсы шығар, дегенмен , әйгілі физик Стивен Хокингтің айтқаны бар еді: «Адамзатты олар өздері жасаған құрылғылар, роботтар басқарып кетеді» - деген.

Дереккөз: Massaget.kz