Әйел күйеуінің 60 көңілдесі барын біліп, одан 2,3 миллион доллар өндіріп алды

0
721


Әйел күйеуінің 60 көңілдесі барын біліп, одан 2,3 миллион доллар өндіріп алды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Атланта штатында тұратын әйел күйеуінің көптеген опасыздығын әшкерелеп, одан 2,3 миллион доллар өндіріп алды және оны YouTube арқылы әшкереледі, деп жазады Stan.kz.


Гейл Льюистің айтуынша, күйеуі Гарольдтың бірінші көңілдесі туралы ол әуекомпания арқылы білген. Гейл рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуекомпанияға қоңырау шалғанда, телефон арқылы күйеуінің іссапардан белгіленген уақытта қандай да бір әйелмен бірге қайтып келетінін айтқан.
Анықталғандай, сол әйел Гарольдтың бұрынғы көңілдесі болып, ол оны барлық жұмыс сапарларына ертіп жүрген. Осы жағдайдан кейін Гейл ажырасуға өтініш берген.

Ізденісін жалғастыра отырып, Гейл күйеуінің тек бір емес, барлығы 60 әйелмен опасыздық жасағанын анықтайды. Ол тіпті олардың кейбірінің есімін ашық жариялаған. Олардың арасында актер Лоренс Фишберннің қызы Валентина да болған деп айтылған. Алайда белгілі болғандай, Фишберннің мұндай есімді қызы жоқ.

Ажырасу туралы келісім бойынша Гарольд Гейлге 2,3 миллион доллар төлеуге міндеттелген. Бұдан бөлек әйелге құны 1,3 миллион доллар (130 миллион рубль) тұратын үй берілген.