Қайғылы оқиға 30 қаңтарде, жексенбіде таңғы уақытта болған.
ERNUR.KZ. Нью-Йоркте "АҚШ аруы-2019" Чесли Крист 60-қабатты ғимараттан секіріп қаза болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға 30 қаңтарде, жексенбіде таңғы уақытта болған. 30 жастағы арудың денесі қала орталығында 42-ші көшеде табылды.
Чесли Крист өлі табылған жер. © NYPost
Өлімінен бірнеше сағат бұрын Чесли Instagram-да өз суретін жариялап, "Бұл күн бейбітшілік пен тыныштық әкелсін" деп жазба жариялаған.
Дереккөздердің айтуынша, Крист өзінің мүлкін анасына - бұрынғы сұлулық байқауының қатысушысы, "Солтүстік Каролина миссисі - 2002" титулының иегеріне қалдырғаны туралы жазба қалдырған. Суицидтің себебі жазбада айтылмаған. "АҚШ аруы-2019" отбасы мен әріптестері арудың қазасын растап отыр.