АҚШ науқастардың саны қазіргіден де көп болуы мүмкін

0
688

Америкалық басылымдар кей елдер статистиканы төмендетіп отыр деп айыптауда.


АҚШ науқастардың саны қазіргіден де көп болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Құрама Штаттарда коронавирус жұқтырғандардың саны ресми жарияланған мәліметтегі көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Орталықтың мамандары ауру белгілері жоқ адамдарға коронавирус пен оған қарсы антиденені анықтайтын тест жүргізген екен. Нәтижесінде басым бөлігінің ағзасында вирустың бар екенін анықталған. Осы зерттеуге сүйене отырып, сарапшылар кей штаттарда науқастардың саны ресми статистикадағыдан 13 есе көп болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Мысалы, Миссури штатында 30 мамырға дейін ресми түрде 13 мың коронавирус жұқтырды деп жарияланды. Бірақ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары 171 мың тұрғын ауруға шалдықты дегенді айтты.

Бірқатар америкалық басылым кей елдер коронавирусқа қатысты статистиканы төмендетіп отыр деп айыптауда. Мысалы, The New York Times пен Financial Times басылымдары Ресейде індеттен қайтыс болғандардың саны ресми мәліметтегі көрсеткіштен 70%-ға көп болуы мүмкін деген материалды жариялаған. Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 15 миллионға таяп қалды. Осы күнге дейін дерттен 615 мың адам қаза тапқан.