АҚШ Польшаға қосымша 2,5 мың әскери жіберуі мүмкін

0
647

​Қазір Польша аумағында 5 мыңға жуық америкалық сарбаз бар.


АҚШ Польшаға қосымша 2,5 мың әскери жіберуі мүмкін

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттары 2,5 мыңға жуық сарбазын Польшаға жіберуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы, жоспар бойынша 8,5 мың америкалық әскери бекітілген болатын. Қазір Польша аумағында 5 мыңға жуық америкалық сарбаз бар.

Өткен аптада Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби АҚШ Еуропаға 8,5 мың әскери жіберуге дайын екенін жариялады. Бірақ ол бұған қатысты түпкілікті шешімнің әлі қабылданбағанын жеткізді.

Оның айтуынша, жіберілетіндердің қатарында барлау, авиация, медициналық және көлік бөлімшелері бар. 28 қаңтарда Ақ үй басшысы Джо Байден АҚШ билігі жақында Шығыс Еуропаға шағын қосымша әскер жөнелту процесін бастауға ниетті екенін айтты.