АҚШ-та 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды

0
344

Енді Флоридада балалар әлеуметтік желіде аккаунтын аша алмайды.


АҚШ-та 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Флорида штатында 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы АҚШ басылымдары жазды. Енді Флоридада балалар әлеуметтік желіде аккаунтын аша алмайды.

Сондай-ақ Facebook, Instagram және TikTok желілерінде 14 жасқа дейінгі балалардың атына бұрын ашылған аккаунттар жойылады. Егер платформа иелері бұл талаптарды орындамаса, үстінен азаматтық шағым түсіріледі, – деп жазылған хабарламада.

Флорида өкілдер палатасының түсіндіруінше, бұл заңды қабылдаудағы мақсат – балаларды зорлықшылардан қорғау және балалардың психикалық денсаулығына әлеуметтік желілердің кері әсерін болдырмау.