Оқиға Чинле әуежайының маңында болғаны хабарланды.
Фото: Navajo Police Department
ERNUR.KZ. 6 тамызда АҚШ-тың Аризона штатында медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.
Оқиға Чинле әуежайының маңында болғаны хабарланды. Шағын медициналық ұшақ апатқа ұшырап, өртеніп кетті. Борттағы қаза тапқандар жергілікті тұрғындар емес. Ұшақ Альбукеркедегі (Нью-Мексико) ауруханадан науқасты алып келу үшін ұшып бара жатқан.
Ұшақ CCI Aviation компаниясына тиесілі болған, апаттың себебі белгісіз. Оқиғадан кейін тергеу жүріп жатқандықтан, әуежайға кіре беріс жабық. Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі бұл Beechcraft 300 ұшағы екенін мәлімдеді.
— Оқиға орнына жеткеннен кейін тергеушілер оқиғаны құжаттауға және ұшақты тексеруге кіріседі. Содан кейін ол қосымша тексеру үшін қауіпсіз мекемеге жеткізіледі, — деді қауіпсіздік кеңесінің өкілі Сара Тейлор Сулик.