АҚШ-та Трамптың туған күніне орай ауқымды парад өтеді

0
162

Бұл демократтар тарапынан біраз сынға ұшырады.


АҚШ-та Трамптың туған күніне орай ауқымды парад өтеді

Фото: РБК

ERNUR.KZ. 14 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамптың туған күнінде армияның мерейтойы құрметіне өткізілетін парад 45 млн долларға түсуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған шара 14 маусымда АҚШ армиясының 250 жылдығын тойлау аясында өтеді, ол президент Трамптың 79-шы туған күнімен тұспа-тұс келеді.

Вашингтонда Колумбия округінде парадқа 100-ден астам көлік пен мыңдаған сарбаз, сондай-ақ Азаматтық авиацияның федералдық басқармасымен "кеңірек үйлестіруді" қажет ететін 50 тікұшақ қатысады деп күтіліп отыр.

Трамп бұл жоспарларын осы айдың басында растады. Алайда президент сондай-ақ бұл шара оның туған күніне байланысты емес екенін айтты. Баға туралы сауалға Трамп бұл "оқиғаның құнымен салыстырғанда аз ақша" болатынын хабарлады.