Фото: t.me/bort_01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасының Ұлттық күніне орай Федералдық президентке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады. Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Александр Ван дер Беленнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке тіледі", - делінген хабарламада.
Аустрияның Ұлттық күні жыл сайын 26 қазанда атап өтіледі. Мереке 1955 жылы оккупациялық әскерлер шығарылғаннан кейін Аустрияның тұрақты бейтараптығы туралы декларацияның қабылдануына арналған.
Бұл күні Венадағы Батырлар алаңында әскери шеру мен Аустрия қарулы күштерінің техника көрмесі өтеді, ал федералдық парламент пен кеңсе қала тұрғындары мен қонақтары үшін "ашық есік" күндерін ұйымдастырады.


