Зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ.  АҚШ-тың Калифорния штатында 7 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-жерторта теңізі сейсмологиялық орталығынан хабарланды, деп жазады inform.kz.
Орталықтың мәліметінше, зілзаланың ошағы 12 мың адам тұратын Фортуна қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км қашықтықта жатыр. Жер сілкінісінің тереңдігі 14 км.
Зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
Антальяда осыған дейін 4,8 балдық жер сілкінісі болғаны туралы жаздық.
            
 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
