Халық Трамп бұйрығының орындалуына уақытша тыйым салуды талап етіп отыр.
ERNUR.KZ. АҚШ-та тойланып жатқан Президент күніне қарамастан Калифорния, Нью-Йорк және тағы 14 штат Ақ Үй басшысы Дональд Трампты сотқа берді, деп жазады 24.kz.
Елде төтенша жағдай жариялау туралы Президенттің шешіміне қарсылық танытуышлар арызды Сан-Франциско округтік сотына жолдады. Олар Трамп бұйрығының орындалуына уақытша тыйым салуды талап етті. Сондай-ақ шағымданушылар АҚШ Президенті билікті асыра пайдаланып, үкіметтің екіге бөлінуіне жол беріп отыр дейді. Айта кетейік, 15 ақпан күні Ақ Үй басшысы елдің оңтүстік шекарасында төтенше жағдай жариялау декларциясына қол қойған болатын. Құжатқа сай мемлекет басшысы Мексикамен шекарада қорған салуға мемлекеттік бюджеттен Конгресстің қолдауынсыз, 8 миллиард долларға дейін жұмсай алады.