АҚШ-тағы қазақ отбасының сәбиін бала күтуші бірнеше ай бойы қорлап келген

0
107

Баланың анасы ата-аналарға үндеу жасады.


АҚШ-тағы қазақ отбасының сәбиін бала күтуші бірнеше ай бойы қорлап келген

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. АҚШ-та тұратын қазақстандық әйелдің бір жасар қызын бала күтушісі қорлаған, деп жазадв Azattyq Rýhy.

Ол болған жағдайды Threads әлеуметтік желісінде баяндады.

Автордың сөзіне сүйенсек, бала күтушісі – қазақ әйел. Ол Невада штатында тұратын отбасының сәбиін 6 ай бойы баққан. Осы уақыт аралығында күтуші баланы қинап келген. Алғашында ештеңеден күдіктене қоймаған ата-ана кейін камерадағы жазбаларды көргенде сұмдық көрініске тап болған.

«Біз 1 жасар қызымызға жасалған адам шошырлық әрекеттерге куә болдық. Бейнежазбада баланың қолын бұрап, ауыртқаны анық көрінеді», - дейді зардап шеккен бүлдіршіннің анасы.

Анасы баланың бетінен адам тістеген жерде қалатын жарақат іздерін байқаған. Алайда күтуші «бөлмеде ойнап жүріп, соғып алды» деп түсіндіріп келген.

«Бірақ біз оған сенбейміз. Қазір барлық бейнежазбаны сақтап қойдық, қызымды дәрігер мұқият тексерді», - деп жазды әйел.

Қазіргі уақытта бүлдіршінді білікті дәрігер тексеріп, дене жарақаттарын ресми түрде тіркеген. Жазба авторы бұрынғы бала күтушінің заңсыз әрекеттерін дәлелдейтін барлық бейнежазба сақталғанын және баланың құқығын қорғау үшін қолданатынын атап өтті.

«Өтінемін, бала күтушісін таңдағанда барынша сақ болыңыздаршы. Бейтаныс адамға өз балаңызды сеніп тапсырмас бұрын, ол туралы ақпаратты, ұсыныс хаттарын мұқият тексеріңіздер», - деді баланың анасы.