Пандемия басталғаннан бері вирус 2 859 893 адамның өмірін қиды.
ERNUR.KZ. COVID-19 індетін жұқтырған адамдар саны 131 миллионнан асты, деп жазады baq.kz.
Worldometer статистикасына бойынша 4 сәуір, жексенбі күнгі мәліметке сәйкес коронавирус инфекциясының 131 392 531 жағдайы тіркелді. АҚШ инфекциялар саны бойынша көшбасшы болып тұр.
Пандемия басталғаннан бері вирус 2 859 893 адамның өмірін қиды. Аурудан 105 768 594 науқас айықты.
COVID жағдайлары бойынша көшбасшылар:
- АҚШ (31 383 126 жағдай),
- Бразилия (12 953 597),
- Үндістан (12,484,509),
- Франция (4 741 759),
- Ресей (4 572 077).
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 13 наурызынан, яғни індет басталғалы бері елімізде 253 107 адам індет жұқтырды, 3 092 адам қайтыс болды.
Сондай-ақ 4 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 516 адам коронавирус инфекциясынан (26 180 КВИ+ және 1 336 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 996 пациент стационарда, 17 520 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Иран билігі коронавирустың төртінші толқыны елдің екі провинциясында басталғанын мәлімдеді.