Әлемдегі ең бақытты қалалар тізімі жарияланды

0
489

Рейтингке 200 қала енген.


Әлемдегі ең бақытты қалалар тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Ұлыбританиялық Institute for Quality of life компаниясы жер шарындағы жүздеген қалаларды зерттеп, ең бақытты орындар тізімін жариялады, деп жазады tengritravel.kz.

Рейтингке 200 қала енген. Тізім мынадай факторларға сүйене отырып жасалған: саяси жүйе, білім, экология, көлік қатынасы, экономика және басқа да критерилер. Көшбасшы даниялық Орхус қаласы болды, одан кейін нидерландтық Амстердам және норвегиялық Берген үздік үштікке енді.

Үздік ондыққа енген қалалар тізімі мынадай:
  • Орхус, Дания;
  • Амстердам, Нидерланды;
  • Берген, Норвегия;
  • Брисбен, Аустралия;
  • Канберра, Аустралия;
  • Эскильстуна, Швеция;
  • Женева, Швейцария;
  • Хельсинки, Финляндия;
  • Йенчепинг, Швеция;
  • Лондон, Ұлыбритания.

Рейтингтің 26-орнына Сингапур тұрақтады, ал 40-орын Парижге бұйырды. Токио (85), Мәскеу (137), Ыстамбұл (149). Рейтинг соңында Подгорица және Никосия тұр.

Айта кетейік, Орталық Азия қалалары үздіктер қатарына енбеген.