Қостанайда екі ер адам жергілікті тұрғынды қорқытып, 17 миллион теңге талап еткен

0
83

Тінту кезінде 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленді.


Қостанайда екі ер адам жергілікті тұрғынды қорқытып, 17 миллион теңге талап еткен

© Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қостанайда екі ер адам ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде ұсталды. Олар жәбірленушіні қорқытып, ақша бопсалаған, деп жазады sputnik.kz.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұрын сотталған екі ер адам 4,4 миллион теңгені алу кезінде қолға түскен. Тергеу деректеріне сәйкес, олар қыркүйек айынан бері жәбірленушіні күш қолданамыз және зорлық-зомбылық жасаймыз деп қорқытып, одан 17 миллион теңге талап еткен.
"28 қазанда ер адамдар ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және “Бүркіт” арнайы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген операция барысында ұсталды. Тінту кезінде 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленді", — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Екі күдікті де тергеу изоляторына қамалды.
Полиция мәліметінше, олардың әрекеті алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған бопсалау ретінде сараланған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.