Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Щучинск қаласында ТЖМ құтқарушылары қонақүй аумағында шыққан өртті толығымен ауыздықтады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бурабай ауданындағы демалыс орындарының бірінде жеке тұрған монша өртенді. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жалынды 70 шаршы метр аумақта толық сөндірді.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мамандардың алдын ала мәліметінше, тұтануға электр сымдарын монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін.


