Әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен өзбекстандық әйел ұсталды

0
2 479

Бойында төрт айлық нәрестесі бар әйел некесіз тұрған ер азаматпен бірге баласын 9 мың долларға сатуды көздеген.


Әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен өзбекстандық әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Хорезм облысының Ургенч ауданындағы Бекабад ауылының тұрғыны әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен, деп жазады centralasian.org.

Ақпаратқа қарағанда, бойында төрт айлық нәрестесі бар әйел некесіз тұрған ер азаматпен бірге баласын 9 мың долларға сатуды көздеген. Олар алдын ала 6 мың доллар алып жатқан кезде ұсталып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, өлкеде соңғы үш жыл ішінде бала сатуға байланысты 185 оқиға тіркелген.