Қазақстан мен Армения СІМ басшылары да оқиғаны талқылап, арандатуға жол бермеуге шақырды
ERNUR.KZ. Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян Қарағандыда қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтып, оқиғаға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Қаза тапқан жігіттің туыстарына көңіл айтамын және оқиғаның ұлтаралық сипаты болуы мүмкін емес екенін атап өтемін. Жанжалдасқан тараптар моноэтникалық болмаған", — деп мәлімдеді Никол Пашинян.
Ол армян БАҚ өкілдерінен ақпаратты мұқият тексеруді өтініп, үндеу жасады.
"Сыртқы саясат ведомствосы басшылары бұл оқиғаның шетін мәселе екенін атап өтіп, деректердің әдейі бұрмаланып жатқанын айтты, сонымен қатар бұл жайттың әрі қарай шиеленісуін болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігін талқылады", — делінген хабарламада.
1 қаңтарға қараған түні Қарағандының мейрамханаларының бірінде 23 жастағы ер адам қаза тауып, тағы үш жігіт жарақат алған. Аталған іс бойынша 7 адам ұсталды, бесеуі қамауға алынған, тағы біреуін полиция іздеп жатыр.
Жексенбі күні өңір әкімі Ерлан Қошанов марқұмның туыстары және қала тұрғындарымен кездесіп, тергеудің айқын әрі ашық өтетініне уәде берді.