АҚШ басқа елдерді Ресейге қысымды арттыруға шақырды

0
1 345

Құрама Штаттар әлемнің басқа да елдерін Ресейге қатысты саясатын қатаңдатып, бұрынғы супердержава әлемдік аренадағы әрекеттерін түзетпейінше, оған қысымды күшейте түсуге шақырды.


АҚШ басқа елдерді Ресейге қысымды арттыруға шақырды

Құрама Штаттар әлемнің басқа да елдерін Ресейге қатысты саясатын қатаңдатып, бұрынғы супердержава әлемдік аренадағы әрекеттерін түзетпейінше, оған қысымды күшейте түсуге шақырды,-деп хабарлайды centralasian.org "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс мәлімдеді. Дей тұрғанмен, Сандер АҚШ президенті Дональд Трамптың "Мәскеумен қарым-қатынас түзелсе, әлемге жақсы болады" деген сөздерін еске салып өтті.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы, журналистердің сұрауы бойынша, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Герберт Макмастердің жақындағы мәлімдемесіне де түсініктеме беріп өтті.

Макмастер Ресейдің әлемдегі агрессиясының күшейгенін сынға алып, "АҚШ Ресейді қымбат баға төлеуге мәжбүрлей алмады" деген еді. "Ресей ашық қоғамды әлсірету үшін агрессияның ескі және жаңа формаларын қолданып отыр", - деп мәлімдеген генерал.

Макмастер президент Трамп әкімшілігінің Ресей елшілерін елден шығаруын жоғары бағалады. Оның айтуынша, қуылған дипломаттар Ресейдің АҚШ саясатына араласуына көмектескен.