АҚШ Иранға санкция салмақ

0
1 063

Заң жобасы бойынша, шектеу шаралары Иранда АҚШ азаматтарының саяси себеппен заңсыз түрмеге жабылуына қатысы бар шенеуніктерге қолданылады.


АҚШ Иранға санкция салмақ

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Иран билігінің лауазымды өкілдеріне адам құқығын бұзуына байланысты санкция салуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Азаттық Радиосы өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасы бойынша, шектеу шаралары Иранда АҚШ азаматтарының саяси себеппен заңсыз түрмеге жабылуына қатысы бар шенеуніктерге қолданылады. Құжатта сонымен қатар Ақ үйден сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін ирандық компанияларға санкция салу қажет пе деген мәселені шешу талап етілген.