Экологтар Қазақстанның экологиялық жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.
ERNUR.KZ. Greenpeace экологиялық ұйымы сарапшыларының зерттеулеріне сәйкес Финляндия әлемдегі ауасы ең таза ел болып саналады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Одан кейінгі кезекте Испания тұр. Үштіктің құрамында Эстония да бар.
Сондай-ақ Швеция мен Австралия да әлем бойынша ауасы ластанбаған елдер қатарында.
Greenpeace сарапшыларының пікірінше, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Ауғанстан, Бахрейн, Моңғолия және Кувейт − әлемдегі ауасы ең лас елдер.
Экологтар Ресей мен Қазақстанның экологиялық жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.