Ауғанстанда хиджабты дұрыс кимегені үшін әйелдерді жаппай қамап жатыр

0
142

Деректерде қыз-келіншектерді мейрамханалардан, сауда орталықтарынан және көшелерден алып кеткені айтылған.


Ауғанстанда хиджабты дұрыс кимегені үшін әйелдерді жаппай қамап жатыр

Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. 19 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабулдағы Даште-и-Барчи ауданында "хиджабты дұрыс кимегені" үшін 100-ден астам әйел ұсталды, деп жазады Stan.kz.

Деректерде қыз-келіншектерді мейрамханалардан, сауда орталықтарынан және көшелерден алып кеткені айтылған.

“Олардың кейбірі әлі күнге дейін отбасымен байланысқа шықпаған. Қайда жеткізілгені әзірге белгісіз”, – делінген хабарламада.


Бұл әске 2021 жылы тәліптер билікке келгеннен кейін қайта құрылған "Ізгілікке үндеу және жамандықтан тыю министрлігі" бастамашы болды. Министрлік әйелдерге қатаң киім үлгісін енгізіп, 2024 жылы олардың беті мен денесін қоғамдық орындарда жабуды міндеттейтін заң қабылдады.