Австрияда COVID-19 тестін тапсырмағандар дүкенге кіре алмайды

0
1 539

​Пандемия басталғалы бұл елде 561мың тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырған.


Австрияда COVID-19 тестін тапсырмағандар дүкенге кіре алмайды

ERNUR.KZ. 7 сәуірден бастап Австрияда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестен өтпегендер, нақтырақ айтқанда, ауруға шалдықпағанын дәлелдейтін анықтамасы жоқ тұрғындарға азық-түліктік емес дүкендерге кіруге тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар шаштаразға, басқа да қызмет көрсету орындарына бару үшін осындай анықтама керек. Ал азық-түлік дүкендеріне, банктерге, супермаркеттерге, дәріханаларға, пошта бөлімшелеріне қатысты мұндай шектеу енгізілмеді.

Пандемия басталғалы Австрияда 561мың тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 9 мыңнан астамы көз жұмған. Осы күнге дейін 516 мың адам ем-дом қабылдап жазылды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 салдарынан өлім-жітімнің көбейгенін хабарлаған еді. Ұйымның мәліметінше, өткен аптада әлемде коронавирус құрбандарының саны 11%-ға өскен, 71 мыңнан астам адам қайтыс болды. Осымен алтыншы апта қатарынан вирус жұқтырғандар саны артуда,соңғы жеті күнде төрт миллионнан астам дертке шалдыққан.