Дүмпулердің күші 3,5 баллға жеткен.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Әзербайжанда екі бірдей жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алғашқы жер сілкінісі Кельбаджар ауданында болды. Сейсмикалық дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 05:07-де тіркелген. Магнитудасы 3,0 балл, ал тербеліс 13 шақырым тереңдікте орын алған. Жер сілкінісінің эпицентрі Дашкесен станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 31 шақырым қашықтықта орналасқан.
Кейінірек, осы күні Лянкяран-Лерик аумағында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы магнитудасы 3,5 балл, ал тереңдігі 33 шақырым болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Мамандар жер сілкіністерінің тұрғындар үшін қауіпті болмағанын хабарлады.