Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

0
484

Сайлауды өткізу 2024 жылдың 7 ақпанына жоспарланған.


Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

ERNUR.KZ. Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттіктің хабарлауы бойынша, тиісті бұйрыққа 7 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, Әзірбайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 2024 жылғы 7 ақпанға ел Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауды және оларды Әзірбайжан Республикасының сайлау кодексінде белгіленген тәртіппен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.