Азия биржалары құлдырай бастады

0
196

Азия биржаларының индекстері, бейсенбіде төмендеген америкалық индекстердің бағытын қайталап отыр. Ал, күні кеше ғана Трамптың баж салығы бойынша жаңа мәлімдемелерінен кейін биржалар сәл-пәл болсын көтеріліп қалып еді.


Азия биржалары құлдырай бастады

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Азия биржаларында бағалы қағаздардың құны қайтадан арзандай бастады, деп жазады zakon.kz.

CNN басылымының жазуынша, жалпы алғанда Азия биржаларының индекстері, бейсенбіде төмендеген америкалық индекстердің бағытын қайталап отыр. Ал, күні кеше ғана Трамптың баж салығы бойынша жаңа мәлімдемелерінен кейін биржалар сәл-пәл болсын көтеріліп қалып еді.

Қазіргі жағдай келесідей:

  • Жапонияның Nikkei 225 индексі бейсенбіде жабылған деңгеймен салыстырғанда 5%-ға төмендеді;
  • Оңтүстік Кореяның KOSPI және Австралияның S&P/ASX 200 индекстері шамамен 2%-ға төмендеді;
  • Тайваньның TAIEX индексі жұма күні сауда-саттықты ашқаннан кейін 1,2%-ға арзандады;
  • Американың S&P 500 индексі бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 3,5%-ға, Dow Jones 2,5%-ға, Nasdaq 4,3%-ға төмендеді.