Байден: Тағы бір пандемия болады

0
523

Бұрын Ақ үй АҚШ конгресіне COVID-19 індетімен күресу үшін қосымша 22,5 миллиард доллар бөлуді ұсынды.


Байден: Тағы бір пандемия болады

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Конгресті жаңа пандемияға дайындалуға шақырды. Ол коронавирус індетінің салдарын ескере отырып, бюджетті қазірден бастап жоспарлау керектігін мәлім етті. Бұл туралы америкалық президент беске толмаған балаларға COVID-19 вакцинасын егу туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Сайып келгенде, қаражат тек балаларға арналған вакциналар үшін керек емес, келесі пандемияға төтеп беру үшін де керек. Тағы бір пандемия болады. Біз алдын-ала шара қабылдауымыз қажет. Сондықтан бізге көп қаражат керек", – деді Ақ үй басшысы.

Наурызда Ақ үй АҚШ конгресіне COVID-19 індетімен күресу үшін қосымша 22,5 миллиард доллар бөлуді ұсынды. Қаражат вакцина сатып алуға және денсаулық сақтау жүйесін керек-жарақпен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.