Балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды

0
526

Бұған дейін коронавирусқа қарсы екпе он екі жасқа толған балаларға және ересек адамдарға салынып келген.


Балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды

ERNUR.KZ. Қытайдың бес аймағында коронавирус инфекциясына қарсы екпені үш жастан бастап салуға шешім қабылданды. Билік органдарды жақын арада вакциналау шараларының басталатынын ескертті, деп жазады sputnik.kz.

Қытайда балаларды үш жастан бастап балабақшаға бере бастайды. Ал пандемия кезінде инфекцияны жұқтыру қаупі күшейеді. Сол себепті балабақшаға баратындарға да екпе салуға шешім қабылданды.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қытайда халықтың 76 проценті екпе салдырған.

Алайда ел билігі бұл көрсеткіш коронавирусты толығымен жеңуге жеткіліксіз деп санайды. Қытайда 1,4 миллиард тұрғын бар. Осы уақытқа дейін 1,07 миллиарды коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтті.

Алдағы уақытта үш жасқа толған балаларға Қытайдың өзінде жасалған Sinopharm және Sinovac салынады. Бұл екпелер бүлдіршіндерге де егуге арналған. Алайда бұған дейін он екі жасқа толған балаларға және ересек адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салынып келген. Қытай билігі қатаң шаралардың арқасында ғана өңірлерде өршитін коронавирусты тоқтатуға болады деп санайды.

Бұдан бөлек, Қытай шетелдіктер салдарынан "дельта" штамының таралуына алаңдап отыр. Осыған байланысты саяхатшылар арасында кеңінен танымал провинциялардың бірінде туристік нысандардың бәрін жабуға шешім қабылданған.

Ал Ішкі Моңғолиның кейбір аудандарында тұратын адамдарға далаға шығуға тыйым салынды. Себебі осы аймақта коронавирус инфекциясы өршіп тұр.