Балаларымен серуеннен келген ер адам сұмдық істің үстінен түсті

0
964

Көпбалалы ана әрі мұғалім 4 жасар баласын асып өлтірген


Балаларымен серуеннен келген ер адам сұмдық істің үстінен түсті

ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай 11 қазан күні Мәскеу түбіндегі Пушкин көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде болған, деп жазады aikyn.kz.

Көпбалалы отбасында: екі ұлы – 19 және 4 жаста, екі қызы – 13 және 16 жаста. Тергеушілердің айтуынша, 43 жастағы Людмила кішкентайын өзі асып өлтірген.

– Кішкентайдың мәйітін үйге келгенде әкесі тауып алған. Ал әйелі болса, баланы не үшін, неге өлтіргенін тергеушіге түсіндіре алмады. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот сарапшылары пәтерге сараптама жүргізеді. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, материалдар жиналуда, туыстары сұралып жатыр, – деп хабарлады Ресей Федерациясы Тергеу Комитетінің Мәскеу облысы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметі.



Сәбиін өлтірген ана ағылшын тілінің мұғалімі екен. Өзі мектеп пен балабақшаларда сабақ берген. Ол жергілікті көпбалалы отбасылар клубының мүшесі болған. Тіпті қоғамдық жұмысқа белсенді араласқаны үшін марапатталды. Ал оның күйеуі Василий программист, бағдарлама жасаумен айналысқан екен.

«Әкесі үлкен балаларды алып, серуендеп келмекші болған. Үйге келгенінде ұлының асылып тұрғанын көріп, бірден жедел жәрдемге хабарласқан. Олар келгенше баланы шешіп алып, алғашқы көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасап көрген. Бірақ оның бұл ісінен ештеңе шықпады» деп жазады басылым.
Ерлі-зайыптылардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында бақытты да баянды отбасы секілді. Өйткені ерлі-зайыптылар үнемі отбасылық серуенде жүріп, балаларымен түскен суреті өте көп