Бангкок базарында 60-тан асқан ер адам сатушы мен күзетшілерді атып өлтірді

0
124

​Кейін ол суицид жасаған.


Бангкок базарында 60-тан асқан ер адам сатушы мен күзетшілерді атып өлтірді

Фото: War_Monitoring

ERNUR.KZ. Таиландтың Накхонратчасима қаласының тұрғыны Ной Прайдаен Бангкок қаласындағы Ор Тор Кор азық-түлік базарында қарулы шабуыл жасап, бір сатушы мен төрт күзетшіні атып өлтірді, кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға жергілікті уақытпен 12:38-де басталған. Қару қолданған қылмыстың салдарынан тағы екі әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қаскөйдің денесі базар ғимараты ішіндегі орындықтан табылған. Полицейлер марқұмның жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігі арқылы оның 61 жастағы Накхонратчасима ауданының тұрғыны екенін растады.

Қазіргі таңда Таиланд полициясы қылмыскердің шабуыл жасау себебін тергеп жатыр. Әзірге оның әрекетіне не себеп болғаны белгісіз.