Беларусьтегі сайлауда сайлаушылардың 86,82 пайызы Александр Лукашенкоға дауыс берген еді.
Фото: БЕЛТА
ERNUR.KZ. Беларусь министрлер кабинеті отставкаға кетті, деп жазады inform.kz.
Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес, үкімет жаңадан сайланған президентке дейін отставкаға кетті. Тиісті қаулыға Роман Головченко қол қойды.
Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Беларусьтегі сайлауда сайлаушылардың 86,82 пайызы Александр Лукашенкоға дауыс берген еді.