Билік арықтаған тұрғындарға ақша төлейтін болды

0
540

Хоким Бозоров әлемдегі аурулардың 50-55 пайызы өмір салтының нашарлығынан, артық салмақтан, дұрыс тамақтанбаудан, аз қозғалудан болатынын айтып өтті.


Билік арықтаған тұрғындарға ақша төлейтін болды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда Ферғана облысының басшысы Хайрулла Бозоров халық депутаттары облыстық кеңесінің сессиясында аймақ тұрғындарын арықтату жөнінде тәжірибе басталғанын айтты. деп жазады centralasian.org.

Хоким Бозоров әлемдегі аурулардың 50-55 пайызы өмір салтының нашарлығынан, артық салмақтан, дұрыс тамақтанбаудан, аз қозғалудан болатынын айтып өтті.

"Өзбекстанда мұндай көрсеткіш 80 пайыз болатын шығар. Адамдар салауатты өмір салтын ұстанбайды, сол себепті көп аурады. 30 мың адам дұрыс тамақтанбағандықтан диабетпен ауырған", - дейді Бозоров.

Облыс басшысының мәлімдеуінше, салмақты тұрғындар бір жыл ішінде 5 келіден астам салмақ тастаса, оларға әр келі үшін 500 мың сумнан ($46) беріледі.

Салмақты тұрғындар арнайы бағдарламаға тіркелуі тиіс.

"Күлкілі естілуі мүмкін, бірақ басқа амал жоқ. Бұны Ферғана тәжірибесі деп біліңіз. Бес келі салмақ тастағандарға 2,5 млн сумнан береміз. 10 келіге артықтағандар 5 млн сум ($460) алады", – деп мәлімдеді хоким.