​Coca-Cola қымбаттайды

0
1 417

Квинси сусынның бағасы қашан және қаншаға өсетінін айтпады.


​Coca-Cola қымбаттайды

ERNUR.KZ.Америкалық лидер алюминийге баж салығын көбейткендіктен, енді шырындарға арналған бөтелкелер қымбаттайды. Бұл туралы компанияның бас дирекоры Джеймс Квинси айтты, деп жазады Baq.kz.

Квинси мұндай тәжірибенің Coca-Cola үшін «ерекше жағдай» екенін атап өтті.

«Бірақ болат пен алюминий бағасы өсіп келеді. Сол себепті еңбек те жоғары бағаланатын болады», - дейді бас директор.

Квинси сусынның бағасы қашан және қаншаға өсетінін айтпады. Сондай-ақ, ол бұл шешімнің шетелдік нарыққа қаншалықты әсер ететінін де нақтыламады.

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айының соңында АҚШ болат пен алюминийге баж салығын 25% және 10% көлемінде арттырды. Канада, Мексика және ЕС мемлекеттері үшін салық 1 маусымға дейін тоқтатылды.