COVID-19: Бразилияда бір күнде екі мыңға жуық адам көз жұмды

0
2 585

Ел президенті сақтық шараларын мейілінше сақтап, тәртіпке бағынып, талапты орындау қажеттілігін еске салды.


COVID-19: Бразилияда бір күнде екі мыңға жуық адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Соңғы тәулікті Бразилияда коронавирус жұқтырған 1760 адам қайтыс боды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш, деп хабарлайды Хабар24.

Ал вакциналау науқаны баяу жүріп жатыр. Бір жарым ай ішінде екпенің екі дозасын халықтың небәрі 1 проценті алған. Мемлекет басшысы індетпен тек үкімет қана емес, жалпы ел болып күресу керек екенін айтты. Жаир Болсонару кем дегенде сақтық шараларын мейілінше сақтап, тәртіпке бағынып, талапты орындау қажеттілігін еске салды. Біреуге мұң шағып, шағым айтудың енді қисынсыз екенін де тілге тиек етті.


– Қашанғы шағымдана бересіздер? Қашанғы үйде қамалып отырасыздар? Әрине, індеттен көз жұмғандар үшін қайғырамыз. Алайда тірі адам тіршілігін істейді. Біз тұрғындарды вирустан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Ол үшін сатып алатын вакцина санын арттырдық, - дейді Бразилия президенті Жаир Болсонару.