COVID-19 коронавирусы әлемнің 58 еліне таралды

0
597

Қытай елін қоспағанда, әлем бойынша ауру жұқтырғандар саны 7 мың адамнан асты.


COVID-19 коронавирусы әлемнің 58 еліне таралды

ERNUR.KZ. 1 наурыздағы жағдай бойынша жұқпалы ауру Монако, Әзербайжан, Эквадор, Катар мен Ирландияда анықталған, деп жазады baq.kz.

Коронавирус әлемнің 58 еліне таралып кетті. Жалпы Қытай елін қоспағанда, әлем бойынша ауру жұқтырғандар саны 7 мың адамнан асты.

Бұл туралы ДДСҰ күнделікті есебінде айтылды.

Бір тәулікте Қытайдан бөлек, басқа мемлекеттерде 1160 адам вирус жұқтырғаны анықталды, олардың жалпы саны 7169 адамға жетті.

Вирус жұқтырғандардың дені - Оңтүстік Корея халқы. Онда соңғы тәулікте 586 науқас анықталды. Екінші орында Италия - 240 адам, үшінші орында - Иран 205 адам ауруға шалдыққан.

Қытайдан бөлек, әлем бойынша бір тәулікте коронавирустан 18 адам қайтыс болған, олардың жалпы саны 104 адамға жетті.

Айта кетейік, Қытайда COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 80026 адамға жетті, олардың 2912 қайтыс болды.