Дағыстанда 15 жастағы жасөспірім жәндік шағып алғаннан кейін іріңді инфекциядан көз жұмды

0
88

Жасөспірімді шаққан жәндіктің түрін анықтау мүмкін болмаған.


Дағыстанда 15 жастағы жасөспірім жәндік шағып алғаннан кейін іріңді инфекциядан көз жұмды

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Дағыстанның Дербент қаласында қайғылы оқиға болды: 15 жастағы оқушы жәндік шағып алғаннан кейін қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Life дерегінше, Telegram-дағы "Дагестан сейчас" арнасында бала мәйітінің қасында жылап отырған ананың "Неге мені тастап кеттің" деп айқайлаған қорқынышты кадрлары жарияланды.

Арнаның мәліметінше, бастапқыда жасөспірімге травмпунктте қате диагноз қойылған – дәрігерлер сынық болуы мүмкін деп күдіктеніп, оны аудандық ауруханаға жіберген. Алайда БАҚ дерегінше, дәрігерлер ата-анасынан ем-шараға жатқызу үшін ақы талап еткен.

Қаржы болмағандықтан, бала ауруханаға жатқызылмаған. Оқиғадан жеті күн өткеннен кейін жасөспірімнің қанына инфекция түсіп, оны құтқарып қалу мүмкін болмаған.

"Дұрыс және дер кезінде диагноз қойылмағандықтан, жеті күннен соң жасөспірімнің қанына инфекция түсу басталған. Баланы Ставропольге емдеуге жіберіп, ота жасаған, іріңді алған, бірақ инфекция асқынып, жүрегі тоқтап қалған. Туыстары қылмыстық іс қозғауды талап етуде", – делінген ақпаратта.

Жасөспірімді шаққан жәндіктің түрін анықтау мүмкін болмаған. Туыстарының айтуынша, соңғы күндері ол қатты ауырсынған және өлімнің жақындағанын сезіп тұрғанын айтқан.