ДДСҰ алғаш рет балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берді

0
472

Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19-ды жеңіл өткеретіні атап өтілді.


ДДСҰ алғаш рет балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға болатынын мойындады. Бұл туралы ДДСҰ сайтында жарияланған жаңартылған ұсыныстарда жазылған, деп жазады Stan.kz.

Құжатқа сәйкес, егер балалар COVID-19-дың ауыр ағымының қаупі жоғары тобына кірмесе, шұғыл түрде вакцина салудың қажеті жоқ.

Егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және денсаулық сақтау қызметкерлеріне басымдық берілуі керек.

Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19-ды жеңіл өткеретіні атап өтілді.

Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы балаларға “Спутник V” вакцинасын қолдануға рұқсат алу үшін құжаттар тапсырғаны белгілі болды, жақын арада шешім қабылданады.