ДДСҰ: Коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін

0
2 463

Әлемде дертке қарсы жаппай вакциналау жүріп жатса да, әлі ұжымдық иммунитет қалыптаспаған.


ДДСҰ: Коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Егер адамдар сақтық шараларын орындаудан бас тартса немесе жеткілікті мән бермесе, коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.

Себебі, әлемде дертке қарсы жаппай вакциналау жүріп жатса да, әлі ұжымдық иммунитет қалыптаспаған. Дүинежүзлік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович індеттің үшінші толқынының туу мүмкіндігіне байланысты осылай деп пікір білдірді. Сарапшы сондай-ақ қазір әлемде індеттің екінші толқынының жаппай бәсеңдеп келе жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус та әлемде індеттің таралуы бесінші апта бойы азайып келе жатқанын мәлімдеп, оны бақылауға алуға болатынын айтқан.