ДДСҰ жүздеген адам көз жұмған жаңа ауру түрінің жылдам тарап жатқанын айтып дабыл қағуда

0
111

2025 жылдың басынан бері Америкада безгектің 100 329 расталған, 228 591 болжамды жағдай анықталып, 115 адам қайтыс болған.


ДДСҰ жүздеген адам көз жұмған жаңа ауру түрінің жылдам тарап жатқанын айтып дабыл қағуда

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. 2025 жылдың басынан бері әлемде чихунгунья безгегіне 445 мыңнан астам адам шалдыққан. Олардың ішінде 155 адам қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлімдеді. Ұйым аурудың әлем бойынша таралу қаупі жоғары екенін атап өтті.

"2025 жылы бірқатар елде чихунгунья безгегінің өршуі тіркелді, соның ішінде соңғы жылдары ауру көп таралмаған аймақтарда да. 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында әлемнің 40 елінде жалпы саны 445 271 болжамды және расталған жағдай, сондай-ақ 155 өлім тіркелді", – делінген ДСҰ ақпараттық бюллетенінде.

2025 жылдың басынан бері Америкада безгектің 100 329 расталған, 228 591 болжамды жағдай анықталып, 115 адам қайтыс болған. Ал, Еуропада 56 456 расталған жағдай анықталды, 40 адам қайтыс болды. Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында 3 420 расталған және 21 299 болжамды жағдай тіркелген.

Чихунгуньяның белгілері:

  • қызба (лихорадка),
  • буындардағы қатты ауырсыну,
  • бұлшықет ауырсынуы,
  • жүрек айну,
  • шаршау,
  • бөртпе,
  • буындардың ісінуі.

Ауруды Aedes aegypti және Aedes albopictus түріндегі маса түрлері таратады. Бұл масалар сондай-ақ денге безгегі сияқты басқа да вирустарды жұқтыруы мүмкін.