Дүниежүзілік денсаулық ұйымы төтенше жағдайды 3 айға ұзартты

0
983

Вирустың салдары алдағы ондаған жылдар бойы сезіледі.


Дүниежүзілік денсаулық ұйымы төтенше жағдайды 3 айға ұзартты

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты, деп жазады ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым комитеті қазіргі жағдайдың қауіптілігін ескеріп төтенше жағдай режимын үш айға ұзартты.

ДДСҰ бас директоры Тедросу Аданому Гебрейесус қазіргі вирустың таралуы - бұл жүз жылда бір рет болатын, оның салдары алдағы ондаған жылдар бойы сезілетін дағдарыс екенін атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта көп проблемалар шешілгенімен әлі де түйінді мәселелер жеткілікті.

Денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты таратқан соңғы мәліметке қарағанда, коронавирусты әлемде 17 396 943 адам жұқтырып, одан 675 060 науқас көз жұмды.