Іс-шараға Орталық Азия мен Ресей елдерінен 500-ден астам амад қатысып жатыр.
фото: спутник Қырғызстан
ERNUR.KZ. Душанбеде Орталық Азия халықаралық экономикалық форумы басталды, деп жазады sputnik.kz.
Күн тәртібінде еуразиялық ынтымақтастық, логистика және туризмді дамыту тақырыптары қозғалады. Сондай-ақ су ресурстарын басқару жайы мен орыс тілі мәселесі айтылады.
Іс-шараға Орталық Азия мен Ресей елдерінен 500-ден астам адам жиналды.
Ресей өнеркәсіп министрінің орынбасары Роман Чекушов, маркетплейстер, электрондық коммерция және дамыған логистикалық инфрақұрылым Орталық Азиядан келетін тауарлар үшін Ресейге жол ашатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша аймақ елдері технологиялық салада ресейлік бизнеспен ынтымақтастыққа, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі.