"Екі күн жүрген": Мойнына семсер-балық қадалған бала аман қалды

0
1 845

Жасөспірімнің мойнына қадалып тұрған балықтың басы түсірілген сурет әлеуметтік желілерде таралған.


ERNUR.KZ. Индонезияда жасөспірім семсер-балық мойнын тұмсығымен тесіп өткеніне қарамастан аман қалды, деп жазады Stan.kz.

Дәрігерлер мойын сүйегі мен тамағынан жарақат алған балаға ота екі күннен кейін жасалыпты, оның өмірін дәрігер сақтап қалған.

Оқиға өткен сенбіде болған. Бозбала достарымен бірге Бутон суына балық аулауға барған. Осы кезде семсем-балық теңіз суынан атып шығып, инесімен барып баланың тамағына қадалыпты.

Ота екі күннен кейін бірақ жасалған, бұған дейін дәрігерлер балықтың басын шығаруға қатты қорқыпты. Себебі оны шығарған жағдайда қан тоқтамағандықтан, бозбала өліп кетеді деп ойлаған.

Отаны орындауға үш хирург пен екі анестезиолог қатысыпты.

"Балықтың басын шығарған кезде мұқияттылықты сақтау керек болды. Себебі мойында орналасқан майда қан тамырлардан қан кетсе, оны тоқтату қиынға соғады. Қазір баланың жағдайы тұрақты, бірақ арасында қалтырап тұрады. Кей кездері дене қызуының көтерілуі байқалады", - дейді жергілікті дәрігерлер.

Жасөспірімнің мойнына қадалып тұрған балықтың басы түсірілген сурет әлеуметтік желілерде жаппай тарап кетіпті.

"Оның аман қалуы таңқаларлық жайт", "Мойны қалай ауырды десеңіздерші", - деп жазыпты желі қолданушылары.

Семсер-балықтың тұмсығында көптеген тістер орналасқан екен. Суда жүзгенде балықтың бұл түрі 60 км/сағ жылдамдыққа дейін жетеді.

Аталған балықтың шабуылынан кейін мерт болғандар да бар екен.